Басты бет/ Табиғат әлемі белгі жүйесі ретінде / Өсімдіктер әлемі /Арша
Артқа

Арша

 

 

Арша – таңғажайып өсімдік. Ертеде қазақтар аршаны «өмір ағашы» деп атаған. Қазақтар аршаның бұтақтарынан шайыр мен эфир майын өндіріп, осы өсімдіктің бұтақтарының түтінімен сиқырлы дұға айта отырып, үй-жайларды, киелі жерлерді, қораларды зұлым рухтардан аластаған («аластау» ғұрпының мағынасы «қудалау»). Бұл ғұрып көптеген халықтарға белгілі, өйткені шығыс славяндары арша бұтақтарын өртеу адамға «тазартушы» ретінде әсер етеді деп есептеді: күшті ащы хош иіс босаңсытып, тыныштандырады. Американдық үндістер мен Оңтүстік Сібір тұрғындары да қара энергиядан тазаруда «аластау» тәжірибесін қолданды. Арша Алтай тауының байырғы тұрғындарының барлық дерлік ғұрыптық рәсімдерінде қолданылады. Тіпті өсімдіктің өзін жинау ережелер жинағына бағынады: жаңа айдың үшінші күнінен бастап толық айға дейін, өсу орнында рәсім жасау керек; өсімдікті ер адамдар ғана жинауытиіс, балаларға 12 жастан бастап рұқсат етіледі және т.б. Қай мәдениетте арша болмасын, ол міндетті түрде шамандық әрекеттермен байланысты.
 

Еуропа халықтарында арша сиқырлы амалдарда күшті қорғаныс құралы болып саналды, ағаш кесектерін алып жүру жазатайым оқиғалардан, қарғыстардан, тіл-көздерден, жабайы аңдар мен жыландардың шабуылынан қорғай алады. Рим мен Грецияда арша өлімді жеңудің және мәңгілік өмірдің нышаны болып табылады, марқұмның соңғы жолына арша бұтақтарын төсеп, жерлеу кезінде оларды өртеу ғұрпы онымен байланысты болған.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.