Басты бет/ Қазақ өнерінің белгілері мен нышандары / Семиотика фокусындағы дәстүрлі костюм /Бөрік
Артқа

Бөрік

 
 

Ерлердің де, қыздардың да бас киімі ретінде мәртебесі кем емес тағы бір бас киім – бөрік. Оның пішіні иесінің жынысына байланысты әртүрлі болды, бірақ қалай болғанда да, бас киімнің төменгі жағына бағалы аңдар кәмшат, құндыз немесе түлкі ұлпаны тігілген. «Бөрік» термині «бөрі» – қасқыр деген сөзден шыққан деп есептеледі. Өздеріңіз білетіндей, қасқыр тайпасының белгісі ретінде қасқырдың терісін ғұндар басына киетін, содан бері кез келген түкті бас киімдерді бүкіл түркілер bürik (börik) деп атайды. Бұл бас киім өзінің семантикасы жағынан қасқырдың қасиетті мағынасын, оның ата-баба тотемі, қорғаушы рөлін бейнелейді.
 

Бойжеткендердің бөріктерінің төбесі үкінің қауырсындарымен безендірілген, жас жігіттер де, яғни әншілер, ақындар, т. б. шығармашылық іс-әрекет адамдары да сондай бас киім киген. Оны далалық эзотерикалық дәстүр өкілдерінің киюі бұл бас киімнің қасиетті мәртебесін тағы бір рет көрсетеді.
 

Құндыз бен кәмшат терісінің сапасына байланысты ғана емес, сонымен қатар өнімді жануарлар ретінде де бағаланды, бұл оларды осы бас киімді безендіруде қолданылуына себепші болған. Қыздардың бас киімдері жібек шашақпен, інжу-маржанмен және т. б. әшекейленді. Қыздардың бас киімдерінде ақ және қызыл түстер басым болды.
 

Қазақтар бөрікті «киелі» деп атаған, оны лақтыруға болмайды және мүмкіндігінше жоғары іліп қою керек.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.