Басты бет/ Қазақ өнерінің белгілері мен нышандары / Қазақ ою-өрнегінің тілі /«Гүл», «Қызғалдақ», «Райхангүл»
Артқа

«Гүл», «Қызғалдақ», «Райхангүл»

 
 

Ежелден бері гүлдер қасиетті мағынаға ие болды. Олар қазақ қолданбалы өнеріндегі өрнек түрлері ретінде кең тараған: олар киімдер мен бас киімдерді, сондай-ақ кестеленген кілемдерді, яғни тұскиіздерді безендіруге пайдаланылған. Құнарлылық, мәңгілік жаңару, өмірді жандандыру және молшылық идеялары гүлмен байланысты.
 
Қазақтың «гүлді» өрнектерінің ішінде «қызғалдақ» ерекше орын алады. Қызғалдақ – ертеден туған дала гүлі және қайта туылуды, көктемнің келуі мен жастықты білдіретін алғашқы көктемгі гүлдердің бірі.
 
Қызғалдақ түркі халықтарының сәндік өнерінде, түрік қыш тақтайшаларында, Таяу және Орта Шығыс, Иран өнерінде жиі кездеседі. Қызғалдақ Осман империясының билеуші әулетінің өзіндік нышаны болды, ал түркілік әйгілі сопы және ақын Х.А.Ясауи қызғалдақты «әділ гүл» деп атаған.
 
Қазақтың түкті кілемдерінің тағы бір кең тараған нақышы – «райхангүл» (раушан) өрнегі. Қазақстанның далалық кеңістігіне тән өсімдік болмағанымен, раушан өзінің нышандық мәніне ие болған. Адамның жан дүниесі, қасиеттілік пен мейірімділіктің идеялары онымен байланысты. Шамасы, райхангүл өрнегі сопылық ағымның таралуына байланысты қазақ мәдениетіне кіріктірілсе керек.
 
Раушан әлем мәдениетіндегі нышан ретінде әртүрлі халықтар арасында тұрақты түрде көрініп, белгілі бір дәстүрдің мәнмәтініне байланысты әртүрлі семантикалық мағынаға ие болып, гүлдердің ханшайымы ретіндегі өз орнын сақтап келеді.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.