Басты бет/ Қазақ өнерінің белгілері мен нышандары / Материалдың нышандық мазмұны (қолөнер, қолданбалы өнер) /Ағаш
Артқа

Ағаш

 

 

Көшпенділер үшін кез келген ағаш – тірі нысан, жасампаздық қуат пен тіршіліктің нышаны. Түркі мифологиясында ағаш / Бәйтерек ғаламның үш деңгейіне – Жоғарғы, Орта және Төменгі әлемдерге еніп, біртұтас Ғарыш / Ғаламға біріктіріп, Әлемнің орталық діңгегін құрайды. Демек, ағаш және оның әр түрлі заттар мен бұйымдар түріндегі туындылары көптеген ғұрыптар мен рәсімдердің «қатысушысы» болып табылады. Мысалы, ертеде ағаштың тұтас бөлігінен жасалған музыкалық аспаптар – домбыра мен қобыз Дүниенің проекциясы ретінде түсіндіріліп, үйлену рәсімдері мен емшілік тәжірибелерде қолданылған. Мысал ретінде асатаяқты айтуға болады.

 

Түркі дүниетанымында шырша, қарағай, емен, қайың, арша, шынар сынды терең қастерлі ағаш түрлері де (тотемдік ағаштар) болған. Тәңіршілдер Қасиетті ағаш – «Ағаштардың анасы» жанында көптеген тәңірлік ғұрыптарын жасады. Олар осындай ағашқа құрбандықтарын әкелді, қиындықтарын айтты, көмек сұрады. Осы уақытқа дейін қазақтар жалғыз тұрған ағаш пен бұтаға сұраушының тілегінің орындалуын білдіретін жолақтар байлап қоятын.

 

Ғаламдық ағаш барлық әлемдік мәдениеттердің мифопоэтикасындағы негізгі белгілердің бірі екені белгілі. Бұл тұжырымдаманың бір қыры әлемдік мәдениетте көрініс тапқан барлық архаикалық дәстүрлі мифологиялық және діни жүйелерге тән қасиетті ағаштар культі – өмір, өлместік, даналық және жастық ағаштары.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.