Басты бет/ Тіл және дене семиотикасы / Ым-ишара семиотикасы және этикет нормалары /Тәжім ету
Артқа

Тәжім ету

 

 

Қазақтар «тәжім ету» деп атаған күйеу жігіттің сәлемдесу ишарасы үлкен қызығушылық тудырады. Қазақтың үйлену ғұрпында бұл күйеу жігіттің қалыңдықтың үйіне келуі кезінде орындайтын элементтерінің бірі. Күйеу жігітті бүкіл ауыл қарсы алған, ауылға жақындағанда күйеу жігіттің жолдастары аттан түсіп, күйеу жігіт тәжім жасап, тағзым етіп төмен иілген.

 

Бұл ишараттың мағынасы кең мағынада бас деп аударылатын «тәж» сөзі арқылы ашылады. Түркілердің үйлену ғұрпында «тәж» қолдануы иілу – «басымды идім, құрмет көрсеттім» деп түсіндіріледі. Бас киелі шың сияқты, бұл жағдайда ер адамның басын июі – терең құрмет пен ризашылықтың ең жоғары белгісі.

 
Кейбір зерттеушілер «тәжімді» әйелдердің, әсіресе келіндердің де орындайтынын атап өтеді. Ал, негізінен, «сәлем ету» мен «тәжім ету» синонимдік ұғымдар.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.