Басты бет/ Қазақ мәдениетінің сандық коды / Сандардың символикасы /Үш
Артқа

Үш

 

 

Бұл ежелгі нышан көптеген философиялық және діни ілімдердің негізі болып табылады және ол әлемдік үйлесімділіктің құрылымымен байланысты. Пифагор «үш» санына болмыстың толықтығының мағынасын берді. Аристотель одан толықтықты, тұтастықты көрді, ал Августин оны мінсіз сан деп атады. Моңғол мәдениетінде «үш» туылу, даму және жойылу» модельдің үлгісі ретінде әрекет етеді. Бірақ, негізінен, «үш» саны Ғарыш үлгісін: қазақтардың Бәйтерек – әлемдік ағаш символизмінде бейнеленген үш әлемнің – Жоғарғы, Орта және Төменгі біртұтастығын көрсетеді. Дәл осындай ұғым киіз үйдің құрылысында, музыкалық аспаптар – домбыра мен қобыз құрылымында, сондай-ақ қазақтардың жан туралы дәстүрлі «ет-жан», «шыбын-жан» және «рух-жан» түсініктерінде көрініс табады. Әр түрлі рулар мен тайпалардан тұратын Ұлы, Орта және Кіші – үш жүзден тұратын қазақ халқының дәстүрлі құрамы да нышандық үлгінің үштұғырлығын қайталайды. 
 

«Үш» санының қасиеттілігін қазақтың көптеген салт-жоралары мен әдет-ғұрыптары қуаттайды: бақсы емдегенде науқасты үш рет айналып өту, алу кезінде марқұмды үш рет босағаға тигізу, т.б. Санның мәртебесін «ер кезегі үшке дейін» («тағы да қайталау» қайтадан жаңғырту» мағынасында) немесе «үш қайнаса, сорпасы қосылмайды» («адамдар арасындағы қарым-қатынастың болмауы») сияқты тіркестер де атап көрсетеді. «Үш» санының символизмі абсолютті кемелдік, толықтық мағыналарымен байланысты.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.