Басты бет/ Табиғат әлемі белгі жүйесі ретінде / Өсімдіктер әлемі /Қызғалдақ
Артқа

Қызғалдақ

 

 

Көктемде гүлдеп, даланы ашық бояумен көмкеретін қызғалдақ атауының өзі әйелдікке, дәлірек айтсақ қыздарға қатысты. Оны әйел сұлулығының көп қырлы нышаны деп орынды атайды және оның бейнелері мұсылман мұнараларының, мешіттердің және құлпытастардың безендіруінде жиі кездеседі. Бұл гүл Осман империясының эмблемасына айналды және сарайларды, керамикалық бұйымдарды және жалпы Түркияның дәстүрлі бейнелеу өнерін безендіруде көрінеді.
 

Ертеде құлпытастардағы қызғалдақтар өмірдің өтпелілігін білдіреді деп есептеген. Қазақтар ешқашан қызғалдақ теріп, бір-біріне сыйлаған емес. Дегенмен, бұл қазақтың дәстүрлі кестесінің сүйікті ою-өрнек нақышы.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.