Жез – мыс өзінің технологиялық артықшылықтарының арқасында: өңдеудің қарапайымдылығы, суық соғу және т. б. қабілетімен ежелгі уақытта кең таралды және тұтас дәуірлердің – мыс ғасырының сипатын анықтады. Мыс сиқырлы және таңғажайып қасиеттерге ие болды – зұлым және дүлей күштерден қорғаушы, махаббат сиқырындағы көмекші және т. б.
Ерте заманда металл сауда және айырбас құралы бола отырып, мәдени және экономикалық маңызы зор болды. Әлемдік мәдениетте мыс нышандық түрде Шолпан планетасын жердегі баламасы ретінде бейнелейді. Қазақ мәдениетінде мыс екі нұсқада аударылады: «мыс» және «жез». Мәселен, қазақ мәдениетінде мыс әйел жын-перілердің бейнелерімен байланыстырылады: Мыстан кемпір, Жезтырнақ және Жезтұмсық. Ертедегі Алтай эпосында иесі бақсы кемпір (Қам-эмеген) болып табылатын мыс дабылы (жез дүңгір) туралы айтылады. Тәжік бақсы әйелдері өздерінің аруақтарымен тілдесу жоралғыларында тек мыстан жасалған ыдыстарды, яғни мыс табақтарды, жез құмыраларды, мыс тостағандарды және т. б. қолданған: Мыстың әйел бейнелері мен әйел шаманизмімен байланысы металл өндірілетін жер асты әлеміне, металды «отпен» өңдеу, құнарлылықпен және т. б. (әйел құрсағы іспеттес) қатысты деген ой туындайды.
Екінші жағынан, қазақ мәдениетіндегі мыс сұлулық ұғымымен байланысты, шамасы, металдың асыл жылтырлығы мен түсіне байланысты. Оның түсі қызыл деп түсініледі. Сұлулықты түсіндіруде қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін жез киік, жез кірпік, жез қанат, жез таңдай және т. б. сияқты тіркестер қолданылады.