Басты бет/ Табиғат әлемі белгі жүйесі ретінде / Аспан денелері, тәулік уақыты, табиғат құбылыстары /Кемпірқосақ
Артқа

Кемпірқосақ

 

 

Кемпірқосақ – тіршіліктің барлық түстерінің бейнесі. Әлемнің көптеген мәдениеттерінде кемпірқосақ – Аспан мен Жер арасындағы көпір, Құдайдың шексіз мейірімділігі мен адамдарға деген сүйіспеншілігінің белгісі. Қазақ мәдениетінде аспан құбылысы «кемпірқосақ» деп аталды. Оның этимологиясын Ш.Уәлиханов қой мен ешкі тобын – «қосақты» жаңбырдан кейін қарт – кемпір кейпіндегі көк тәңір сауады деген мифологиялық түсініктермен байланыстырды.
 

Ежелгі түркілер Ұлы ана тәңірі Ұмай ананың кемпірқосақ бойымен көктен адамдарға түседі деп сенген. Ал оның өзін Ғаламның белдеуі (түрікмендік – әлем кошар), әзірбайжандар мен түріктер арасында аспан белдеуі, ал құмықтарда Тәңір-жая, «Тәңір садағы» деп аударылған.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.