Басты бет/ Табиғат әлемі белгі жүйесі ретінде / Өсімдіктер әлемі /Терек
Артқа

Терек

 

 

Әлемдік мәдениетте терек негізінен жастықтың, күш пен сұлулықтың нышаны болып табылады. Түркі мәдениетінде терек киелі ағаш болып саналады. Алайда эпостарда ол көбінесе «өлімнің жаршысы, жоқтау символикасын алып жүреді» (Г.З. Камалиева және т.б.) [2, 356 б.]. Қазақ мәдениетінде терек туралы түсінік Бәйтерек туралы мифте (мағыналық аудармасында «Ата-терек», «Ана терек») берілген. Онда балалар мен малдардың ұрықтары өсіп-өніп, уақыты келгенде балалардың жандары адам әлеміне ұшады. Оның тамырында өзендерді тудыратын өмір беретін бұлақтар бар. «Солтүстікке қарай, қараңғылық, суық және өлім еліне ағып жатқан өзендер өлгендердің рухын өздерімен бірге алып кетеді. Бәйтеректің басында әлемнің әр түкпіріне көз салып, Тәңірдің өсиетін құдайлар мен халықтың орындауын тексеретін қосбасты қыран құстың ұясы бар. Сол жерде, осы ұяда қыран киелі жұмыртқа салады, одан әлем қайта жаратылады» [1, 16-17 б.].

 
Қазақ теректің тағы бір түрін «желторанғы» деп атайды, яғни жел шақырушы деген мағынада. Ертеде мұндай теректі шабу үлкен күнә болып саналған және «соңғы желторанғы қураған кезде бүкіл әлем өліп, шөлге айналады» деген ежелгі наным-сенім бар.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.