Басты бет/ Қазақ мәдениетінің гастрономиялық коды / Қазақ «тағам/тамағының» символикасы /Жеті шелпек
Артқа

Жеті шелпек

 

 

Жеті шелпек – қазақтың ғұрыптық тағамы: майға қуырылған дөңгелек шелпек. Шелпектердің саны әдетте, қазақтардың түсінігінде киелі 7 немесе 9. Олар діни мерекелерде, жерлеу-еске алу рәсімдерінде, бейсенбі немесе жұма күндері – ата-баба рухтарын еске алу күні немесе адам өмірінің дағдарыс күндерінде дайындалады. Халық әлі күнге дейін «Жеті шелпек жеті пәледен құтқарада» дейді. Шелпектердің дөңгелек пішіні күн культіне барып тіреледі және «бір-бірінің үстіне қойылған жеті дөңгелек шелпек жеті қат аспанды немесе жеті аспанды бейнелейді» деп есептейді мәдениеттанушы З.Наурзбаева [6]. Оларды «Тие берсін» деген сөздерді айтқаннан кейін жейді. Тірілер шелпектен ауыз тисе, өлгендердің жаны олардың иісімен, яғни ыстық майдың иісімен қуаттанады деп саналады. Сондықтан бұл ғұрып «Иіс шығару» деп те аталады [6]. Бұл ғұрыптан шаманизмнің іздерін байқауға болады: от рухын маймен қолдау, ал тағамның өзінде аспан символизмі және Жоғарғы күштермен қарым-қатынастың «тағамдық түрі» бар.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.